«Заң мен тәртіп» аясында көлік құжаттарының сәйкестігіне тексеру жүргізілді

41

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №25 мекемесінде құқықтық тәртіпті нығайту және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Заң мен тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жеке құрамның қызметтік және жеке автокөліктеріне қатысты тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру барысында көлік құралдарын басқаруға құқық беретін жүргізуші куәліктерінің, техникалық паспорттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің, сондай-ақ техникалық байқау және міндетті сақтандыру полистерінің мерзімдерінің өзектілігі назарға алынды.
Аталған іс-шара жеке құрам арасында құқықтық мәдениетті арттыруға, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қызметтік тәртіпті нығайтуға бағытталды. 

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №25 мекемесінің бастығы
әділет подполковнигі
Б.О. Ортаев

Leave A Reply

Your email address will not be published.