ЕЛГЕ БЕЛГІЛІ ӨНЕР ИЕСІ АСҚАРАЛЫ 60 ЖАСТА

70
Киелі Шу өңірінде ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де, қол бастаған батыр да, елдік пен ерлікті қатар жырлаған жыраулар да, жергілікті жердің мәдениетіне өлшеусіз еңбек сіңірген майталман азаматтар да көп болған. Солардың бірегейі — суретші-мүсінші, карикатурашы, композитор Қали Қораласбаев есімді азамат.
Өнері мен өмірін қатар өрнектеген Қали Қораласбаев елімізге танымал өнер иесі. Өнер иесінің сурет өнері мен тас мүсіні сынды туындылары бүгінде ауыл мәдениетін дамытуға атсалысуда. Алматы, Астана қалаларының қақ төрінде онға тарта көрме өткізіп, қабілетімен шығармашылық қауымдастықты мойындатқан қылқалам шебері бүгінде асқаралы 60 жасқа толып отыр.
Осыған байланысты бүгін жерлесімізбен арнайы кездесіп, өз ілтипатымызды білдірдік. Басқосуға аудандық мәслихат пен қоғамдық кеңестің және “Amanat” партиясы аудандық филиалының төрағалары қатысып, өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, жерлесіміздің шығармашылығына табыс тіледік.

Бақытжан Жәнібеков,

Шу ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.