
https://turkystan.kz/article/262568-ilon-masktyn-tagy-da-starship-zymyrany-zaryldy
Илон Масктың SpaceX компаниясы жасап жатқан Starship зымыраны кезекті сынақ кезінде жарылып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл – 2025 жылдың басынан бері тіркеліп отырған төртінші сәтсіздік. Техас штатындағы Starbase кешенінде өткен сынақ барысында зымыран қозғалтқыштары іске қосылған сәтте ақау орын алған. Бақылау деректері бойынша, бұл әдеттегі ұшуға дейінгі дайындық сынағы болған.
Компания өкілдері жарылыстың нақты себебі зерттеліп жатқанын мәлімдеді. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. Starship-тің бұл үлгісінің ұшу күні әлі бекітілмеген болатын. Енді жаңа сынақтың қашан өтетіні белгісіз.
Starship – әлемдегі ең ірі әрі қуатты зымыран жүйесі саналады. Ол NASA-ның 2027–2028 жылдарға жоспарлаған Айға қондыру жобасы мен Масктың Марсты игеру жоспарына тікелей қатысы бар. Агенттік бұл миссияға SpaceX-пен шамамен 4 миллиард долларлық келісімшарт жасаған.
Айта кетейік, биыл үш ұшырылым қаңтар, наурыз және маусым айларында сәтсіз аяқталып, зымырандар ауада жарылған. Соңғы сынақта да зымыран бақылаудан шығып, өздігінен жойылған. Компанияның айтуынша, бұл апаттарға отын жүйесіндегі ақау мен қозғалтқыштың істен шығуы себеп болған.