Олимпиада чемпионы жеңілді! Абэ алты жылдан соң алғаш рет есе жіберді

89

Будапештте өтіп жатқан әлем чемпионатында дзюдодан 66 келі салмақта белдескен аты аңызға айналған жапон балуаны Хифуми Абэ күтпеген жерден жеңіліп қалды, деп хабарлайды Anyqtime.kz

Ширек финалдық кезеңде Абэ тәжік спортшысы Обид Жебовпен татамиге шыққан. Белдесу барысында Жебов қарсыласын таза жеңіске (иппон) түсіріп, үлкен сенсация жасады. Бұл – Хифуми Абэнің соңғы алты жылдағы алғашқы жеңілісі. Айта кетейік, ол 2019 жылдан бері бірде-бір ресми кездесуде ұтылып көрмеген еді.

Алайда жапон дзюдошысы турнирден біржола шығып қалмай, жұбаныш белдесуінде Қазақстан атынан сынға түскен Ғұсман Қырғызбаевпен жолығып, оны жеңіп кетті. Енді Абэ үшінші орын үшін күресуге мүмкіндік алды.

Еске сала кетейік, Хифуми Абэ — Токио-2020 және Париж-2024 Олимпиада ойындарының чемпионы. Оның жеңілісі дзюдо әлемінде үлкен резонанс тудырып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.