4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні
1992 жылғы 4 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері қабылданды. Бұл күн – еліміздің тарихындағы ерекше, мақтанышқа толы күн.
Бүгін – еліміздің Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны қабылданған күн. Бұл — Тәуелсіз Қазақстанның басты нышандарының бірі.
Мемлекеттік рәміздер – кез келген елдің тәуелсіздігін, тұтастығын білдіретін басты белгілердің бірі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны – халқымыздың тарихы мен тағдырын, арман-мақсаты мен болашағын айқындайтын қасиетті нышандар.
Оларды қастерлеу – әр азаматтың қасиетті борышы!
Отанымыз мәңгі жасасын!
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әр азаматтың қасиетті парызы. Біз өз рәміздерімізді мақтан тұтамыз, оларды құрметтеп, болашақ ұрпаққа насихаттау – біздің міндетіміз — деп мекеме бастығы әділет подполковнигі Бекзат Оразалыұлы барша қазақ халқын мерекемен құттықтады!
Айтулы датадан Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінің жеке құрамы сапқа тұрғызылып Ту көтеріліп Әнұран айтылды.