ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ

83
Бүгін Саудакент ауылында қазақ күресінен спорт ардагері Молтан Сарқытбековты еске алуға арналған республикалық турнир басталды. Аталмыш жарысқа Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан,
Алматы, Жетісу,
Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облысынан сондай — ақ, Жамбыл облысының аудандарынан 250 балуан бақ сынауда.
Шараның ашылуына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабеков құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Сондай — ақ, достарының атынан Бекқали Төлегенов, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейтқадыр Әбліхалықов және інісі Қаныбек Нартов сөз сөйлеп, аталмыш шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Молтан Сарқытбеков — Саудакент ауылының тумасы. КСРО — ның «Спорт шебері» атағын алған. Сарысу ауданының спорт комитетінің төрағасы, Жамбыл облыстық күрес түрлері федерациясының төрағасы болып қызмет атқарды. Тараз қалалық спорт мектебі «Локомотив» -те директордың орынбасары қызметін абыроймен атқарды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.