ТАҒАЙЫНДАУ

73
ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, Қарулы күштерінің бас штабы бастығының 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 31-оқ бұйрығымен Уалиахметов Амангелді Елемесұлы Жамбыл облысы, Жаңатас қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктіліген бөлімнің бастығы болып тағайындалды.
Амангелді Елемесұлы 1984 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Уалиханов ауданы, Қайрат совхозында дүниеге келген. Білімі жоғары.
Еңбек жолын 2009 жылы Көкшетеу қаласындағы қорғаныс істері жөніндегі бөлімде маман болып бастаған. 2013-2017 жылдары Ақмола облысы, Атбасар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары; 2017-2023 жылдары Ақмола облысы, Сандықтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы.
2023 жылдан бастап Ақмола облысы, Атбасар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы болып қызмет атқарған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.