Интернет желісінен де қоғамның қызығушылығын тудырған аталмыш дәстүрдің мән-мағынасын іздеп көрдік.
«Күйеуі өлген қаралы әйелге көк көйлек кигізіп, көк орамал тартады. Бір жыл өткеннен кейін, күйеуінің жылдық асында жесірдің туысқандары не абысын-ажындары ақ көйлек кигізіп, ақ орамал тартып, «көгің ағарсын!» деген тілек айтады. Маңғыстауда күйеуі қайтқан әйелдің бір жылдан кейн орамалын ауыстыратын ырым бар. Ол «бұдан былай еріңнен азатсың, басқа ерге шығуға болады» дегенді білдіреді. Сонда көк орамал бұрынғы неке мен болашақ болуы мүмкін некенің арасындағы аралық көпір қызметін атқарады», — делінген bilimdinews.kz порталында.