Бүгін аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген азаматтар түрлі мәселелер бойынша өтініштерін білдірді. Атап айтсақ, тұрғын үй, жылу, әлеуметтік көмек және жұмыссыздық.
Тұрғындардың тілегін тыңдаған Жанғозы Жаркенов көтерілген мәселелер бойынша Заң аясында жауап беріп, тиісті басшыларға бірқатар тапсырмаларды жүктеді.
Сонымен қатар, қабылдауда жұмыс сұрап келген 1 азаматтың тұрақты жұмысқа орналасу мәселесі оң шешімін тауып, алдағы уақытта Мансап орталығы арқылы жұмыссыздыққа тіркеліп, мамандығына сәйкес, тиісті мекемеге жұмысқа орналасатын болды.