«Жеңілетінімді сездім»: Асланбек Шымбергенов Олимпиададан кейін алғаш рет сұхбат берді

34
«Жеңілетінімді сездім»: Асланбек Шымбергенов Олимпиададан кейін алғаш рет сұхбат берді
Фото: sports.kz
https://turkystan.kz/article/259291-zeniletinimdi-sezdim-aslanbek-symbergenov-olimpiadadan-keiin-algas-ret-suxbat-berdi

Бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов Париж Олимпиадасындағы сәтсіздіктен соң алғаш рет журналист Ақырыс Сейтқазының YouTube арнасына сұхбат берді. Боксшы жазғы ойындардағы жеңілісінің себебін түсіндірді.

«Олимпиаданың алдындағы оқу-жаттығу жиынында ауырып қалдым. Температурам бір апта бойы түспей қойды. Ондай жағдай менде мүлде болмаған. Әрі  кетсе, бір-екі күн ауырып,  қоятынмын. Бұл да Париждегі жеңіліске себеп болды деп ойлаймын. Жеңілісті өзі солай алып келеді ғой. Өзің сезесің. Ауырасың, жаттығуың дұрыс болмай қалады. Сондай болады өзі»,  — деді Шымбергенов.

Сондай-ақ Асланбек Олимпиададағы сәтсіздіктен соң ешқандай да депрессияға түспегенін, мұны сынақ деп қабылдағанын айтты.

«Психологпен сөйлескенімде, ол: «Депрессияға түстің бе?», —  деп сұрады. «Палестинада соғыс болып жатыр ғой. Алла сондай сынақ беріп жатыр. Соған олар шыдап жатыр. Ал болмайтын жекпе-жек үшін депрессияға түседі деп ойлайсыз ба?», — дедім. Әрине, қиындықтар болды. Бірақ халықтың, жақындарымның, отбасымның, достарымның арқасында бұл сәт алыста қалды», — дейді боксшы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.