Қақпа алдында кездесу

105

Жуырда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесiнде «Қақпа алдында кездесу» iс-шарасы ұйымдастырылды.
Мекемеден босап шыққан азамат еркіндікке шығып, қақпа алдында жақындарымен жүздесіп, қуанышпен қауышты.
Іс-шара барысында, алдағы еркін өмірге бейімдеу мақсатында, Тараз қаласының Мансап орталығының қызметкерлері тарапынан аталған азаматқа және жақындарына әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді. Босап шыққан соң, орталыққа өтінім білдіру тәртібі, көрсетілетін қызмет түрлері, көмек түрлері, қажет құжаттар тізімі, орталықтың мекен-жайы және т.б. туралы кеңестер берілді.
«Жақсы сөз –жарым ырыс» демекші, мекеме қызметкерлері аталған азаматқа жаңа өміріне бағыт бағдар беріп, сәттілік тілеп, ізгі тілектерін білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.