Бүгін аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркеновтың төрағалығымен жиын өтті.
Жиынға мекеме, бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе «2025 жылы Сарысу ауданында көктемде отырғызылатын көшеттерінің жоспары» туралы аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Дәурен Шалбаев баяндама жасады. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Наурыз мерекесіне дайындық жұмыстары» туралы аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетовтың жоспары тыңдалды.
