Қонаевтағы Бөлек ата кесенесі мемлекетке қайтарылды.
Ал 2022 жылғы 26 тамыздағы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «Бөлек батыр Жалайыр» қоғамдық қоры мәжбүрлі түрде жойылған. Арада бір жыл өткен соң нысан иесіз мүлік ретінде есепке алынған.
Осыған байланысты Қонаев қаласының әкімдігі сотқа жүгінген. Әкімдік нысанды иесіз және коммуналдық меншікке түскен деп тану туралы уәж айтқан. Ал үшінші тұлғаның өкілі бұл талаппен келісіп, мемориалды кешеннің маңызы зор және оны күтіп ұстау үшін шығындар қажет екенін, қазіргі таңда кешеннің қараусыз екенін көрсеткен.
СОТ ШЕШІМІ
Сот ҚР қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, әкімдіктің талабын қанағаттандырып, нысанды мемлекет меншігіне қайтаруды ұйғарды.
Бұл кешен мәдениет бөлімінің иелігіне өтіп, мемлекет қорғауында болады.
Фото: Алматы облысы әкімдігінен
https://qaz.ulysmedia.kz/news/27188-konaevtagy-bolek-ata-kesenesi-memleketke-kaitaryldy/