Елімізде өмірден озған адамның өліміне не себеп болғанын анықтау үшін виртуалды аутепсия қолдану мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Оның атап өтуінше, виртуалды аутопсия әдісі белгілі бір дәрежеде Швейцарияда, Ұлыбританияда, АҚШ-та, Үндістанда, Жапонияда, Швецияда, Норвегияда, Түркияда, Сауд Арабиясында, Ресейде қолданылады.
— Қазақстанда қолданыста жоқ. Оны енгізсек деп зерттеп жатырмыз. Сот-сараптамалық орталығының мамандары осы әдісті қолданып жатқан елдерге іссапарға барып, әдістің қандай пайдасы, зияны барын зерттеп жатыр. КТ сканері – өте қымбат құрылғы. Сондықтан қандай құрылғыны қай елден дұрыс деген мәселе пысықталып жатыр. Ұлттық салт-дәстүрімізге, діни наным-сенімімізге байланысты азаматтар мәйітті кеспеуді сұрап жатады. Бірақ сараптама жүргізетін мамандар заң алдында жауап береді. Сондықтан мәйітті кесу арқылы жүргізілетін бұл сараптаманың жүргізілуі міндетті, — деді Талғат Уәли.
https://buginmedia.kz/1457/elimizde-m-yitti-soyyp-teksermey-a-lim-sebebin-any-taytyn-tehnologiya-engiziledi?fbclid=IwY2xjawI9VxxleHRuA2FlbQIxMQABHWKLQJn9hxe2OIO4J6e0q-RSswEyAJaTvioJyXCXLp6uUO1GwoowAhhg-A_aem_AnDXbSHFOheqXNZtQsHidg
Фото: freepik.com