Мобильді қоғамдық қабылдау – Байзақ ауданында

22

«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының мобильді қоғамдық қоғамдық қабылдауы Байзақ ауданында өтті. Бұл шараға партия облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Уәлихан Болатбек, Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Болат Сағынбеков пен аудан әкімдігінің бөлім басшылары, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары қатысты.

Қоғамдық қабылдау әуелі 32 мыңнан аса тұрғыны бар Сарыкемер ауылында ұйымдастырылды. Елді мекенде шешімін табуға тиіс мәселелер жеткілікті. Атап айтқанда, тұрғындар жол және түнгі жарықтандыруға қатысты түйткілдерді көтерді. Ауылда жұмыспен қамту жайы да өзекті. Қабылдау барысында сарыкемерліктер аталған проблемаларды жауапты мамандарға тікелей айтып, тұшымды жауаптар алды.

Келесі кезекте шара Дихан ауылдық округінде жалғасын тапты. Мұнда да жол мен жарықтандыру, ауыз су сынды мәселелер – күн тәртібінде. Оларды шешу бойынша құзырлы орган өкілдері заң аясында жауаптарын берді. Сонымен қатар тұрғындар әлеуметтік жағдайлары бойынша да сұрақтар жолдап, шешу жолдарына қанықты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.