Қазақстанда телеарналар мен радиолардың жұмысы уақытша тоқтайды

35

«Қазтелерадио» жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізетіні туралы хабарлаған.

«Сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарын өшіру арқылы жоспарлы профилактикалық жұмыстар атқарылады. Осы кезеңде еліміздің барлық теле-радиоарналарын тарату уақытша тоқтатылады», – деп хабарланды.

«Қазтелерадио» АҚ бұл жұмыстардың сервистерді өшіру арқылы тоқсан сайын үздіксіз әрі сапалы теле-радио хабар тарату қызметін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетінін атап өтті.

Сурет: istockphoto.com

https://turkystan.kz/article/256633-kazakstanda-telearnalar-men-radiolardyn-zhumysy-uakytsha-toktaidy

Leave A Reply

Your email address will not be published.