Қостанай облысында 100-ге жуық адам қар құрсауынан құтқарылды

63

Медициналық көмекке ешкім де мұқтаж болған жоқ

Қостанай облысы Амангелді ауданында Амантоғай ауылынан 22 шақырым жерде «Әулиекөл-Жалдама» автожолының жабық учаскесінде ТЖМ күштері 98 адамды, оның ішінде 18 баланы құтқарды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Құтқарылған 7 адам, оның ішінде 6 бала Амантоғай ауылының жылыту пунктіне жеткізілді. Сондай-ақ қар құрсауынан 8 жеңіл автомобиль жолдың тазартылған учаскесіне сүйретілді.

Бұдан бөлек Сарыкөл ауданында Соналы ауылынан 5 шақырым жерде «Сарыкөл-Комсомольское» автожолында ТЖМ күштері қар құрсауынан автожолдың тазартылған учаскесіне 2 адам мінген  жеңіл автокөлікті сүйреп шығарды.

Медициналық көмекке ешкім де мұқтаж болған жоқ.

ТЖМ

https://turkystan.kz/article/256340-kostanai-oblysynda-100-ge-zhuyk-adam-kar-ku-rsauynan-ku-tkaryldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.