Ауданымызда діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыруда кешенді шаралар атқарылып келеді. Жақында аудандық азаматтық қорғау қызметкерлері “Діни экстремизм және терроризмнің” алдын алу тақырыбы бойынша семинар сабақ өткізді.![]()

Шараға Жамбыл облысы әкімдігінің дін проблемалар зерттеу орталығының Сарысу ауданы инспекторы- теолог Мақсат Мырзағали мен аудандық полиция бөлімі қызметкерлері қатысты. Сабақ барысында қызметкерлерге “Діни экстремизм және терроризм” тақырыбында бірқатар мағлұматтар жеткізілді.
