Жамбыл облысында кардиологиялық кластерді енгізу мәселесі оң шешімін тапты

992

Алдыңғы Жолдауда Елбасы айтқан кардиологиялық кластерді енгізу мәселесі Жамбыл облысында оң шешімін тапқан.

Бұрын жүрегі науқас жандар шетелге сабылып, ем қабылдауға мәжбүр болса, қазір өз өңірінде де күрделі отаның барлық түрін жасатып, емделе алады. Тек облыс қана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен азаматтар келіп, ем қабылдауда. Ол үшін облыстық аурухананың құрамында және де жекеменшік ретінде екі кардиологиялық орталық ашылып, халыққа қызмет көрсетуде.

«Осы оң тәжірибелерді пайдалана отырып, жұмыс істесек, қатерлі ісікке шалдыққан талай науқастың жанына араша түсеріміз сөзсіз», — дейді облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері Қайрат Жетібаев.

Бас дәрігер, сондай-ақ, онкология кластерін енгізу мәселесін Елбасы көтергенін айтып, келесі жылы күрделі оталар біздің облыстың деңгейінде де жасала тынын айтты.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.