Астанадағы жиһаз цехінде өрт шықты

21

Құтқарушылар 21 адамды, оның ішінде 11 баланы эвакуациялады.

Астана қаласының өрт сөндірушілері Сарыарқа ауданындағы Республика даңғылы бойындағы жиһаз шеберханасының жертөле қабатында шыққан өртті сөндірді, деп хабарлады turkystan.kz.

Өрт сөндіру бөлімшелері келмей тұрып, 80-ге жуық адам өздігінен көшеге шығып кеткен. Кейін құтқарушылар 21 адамды, оның ішінде 11 баланы эвакуациялады.

«Алдын ала берілген мәліметтер бойынша, Сарыарқа ауданындағы Республика даңғылы бойындағы 5 қабатты тұрғын үйдің жертөлесіндегі жиһаз шеберханасының қоймасында өрт шыққан. Қабылданған шаралармен өрт 50 шаршы метр аумақта сөндірілді», – делінген министрліктің хабарамасында.

сурет ашық дереккөзден алынды

https://turkystan.kz/article/255316-astanadagy-zhihaz-tsekhinde-ort-shykty

Leave A Reply

Your email address will not be published.