Мүлде жеңілмеген! Канело әлемдегі ең мықты боксшымен айқасады

48

ESPN шолушысы Майк Коппинджер мексикалық бокс жұлдызы Сауль Канело Альварес (62-2-2, 39 КО) және америкалық Теренс Кроуфорд (41-0, 31 КО) арасында өтетін жекпе-жекке қатысты мән-жайды айтты.

Коппинджердің мәліметінше, әзірге келісімшартқа қол қойылған жоқ, бірақ, боксшылар 16 қыркүйек, Мексиканың тәуелсіздік күні айқасуға келісіпті. Жекпе-жек екінші орта салмақта өтеді екен (168 фунт) және келісімшартта регидратация туралы тармақ болмайды. Басқаша айтқанда, боксшылар салмақ өлшеу рәсімінен кейін қанша қосып алса, сол салмақпен рингке шыға береді.

Қарсыластар қазіргі таңда өз салмағының чемпиондары

Канело кейінгі рет 2024 жылы 14 қыркүйекте жұдырықтасып, пуэрториколық Эдгар Берланганы (22-1, 17 КО) нокаутқа түсірді де, екінші орта дивизионда WBC, WBA Super, WBO және The Ring титулдарын қорғап қалды.

Кроуфорд былтыр тамызда өзбекстандық Исраил Мадримовты (10-1-1, 7 КО) төрешілер шешімімен жеңіп, оның бірінші орта салмақтағы WBA титулын тартып алды.

Карьерасында жеңіліп көрмеген Теренс — The Ring тұжырымы бойынша салмағына қарамастан әлемдегі ең мықты боксшы есептеледі (2023-2024).

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

©Видеодан кадр

Leave A Reply

Your email address will not be published.