Ақтаудағы ұшақ апатында қаза тапқан стюардессаның отбасы алаяқтарға алданған

51
Әзербайжандық банк Ақтау маңында AZAL ұшағының апатынан қаза тапқан Әзербайжанның ұлттық батыры Хокума Әлиеваның әкесі алаяқтарға алданғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі minval.az-ға сілтеме жасап.

Мәліметке сенсек, Хокума Әлиеваның отбасы алаяқтыққа тап болған.

«Отбасына төленген сақтандыру сомасы мен өтемақыдан 80 507 манат ұрланған. Осы дерек бойынша ІІМ киберқылмыспен күрес жөніндегі бас басқарма, банк дереу тергеуді бастап, қажет шараларды қабылдады. Қаражат аударылған шот дереу бұғатталып, ұрланған соманы пайдалануға жол берілмеді. Қабылданған шаралар нәтижесінде қаражат қайтарылды», — деп жазылған мәліметте.

Ақтаудағы ұшақ апаты туралы не белгілі?

Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл — Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағы. Алдын ала ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.

Кейінірек Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері оқиға орнына барды. Құтқарушылар жеткен кезде ұшақ жанып жатқан.

Қазақстанның Көлік министрлігі де төтенше жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. Ал әлеуметтік желіде оқиға орнынан видеолар тарады.

Кейінірек ТЖМ оқиға орнындағы өрт сөндірілгенін хабарлады. Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ұшақ апаты болған жерге барды.

Көлік министрлігі ұшақ бортында болған адамдар жөнінде алдын ала мынадай ақпарат жариялады: бортта 37 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ұшақ апатына қатысты комиссия құрылды. Комиссия құрамына премьер-министрдің орынбасары, Маңғыстау облысының әкімі, төтенше жағдайлар, көлік, сыртқы істер, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау министрліктерінің басшылығы, Бас көлік прокуроры кірді.

Көліктегі полиция департаменті төтенше жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғады.

Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының алдын ала мәліметі бойынша 4 адам қаза тапқаны расталған.

Ақтау маңындағы ұшақ апатынан аман қалғандардың видеосы тарады.

Ал Azerbaijan Airlines жолаушылардың тізімін жариялады. Аман қалған 29 адам бар, оның ішінде 2-еуі — бала.

Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты Бас прокуратура мәлімдеме жасап, оқиға орнына елдің Бас көлік прокуроры барғанын хабарлады. Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Бас прокурорының ерекше бақылауында.

Фото: minval.az

https://massaget.kz/news/aktaudagyi-ushak-apatyinda-kaza-tapkan-styuardessanyin-123940/?fbclid=IwY2xjawH4jqdleHRuA2FlbQIxMQABHZQqQLZvri4U__pH05PSEsZholmcrHGnk-Pvp_YW9fwCksLTSY-TALAtFw_aem_OBw1xxK—d7Jbu48umin7w

Leave A Reply

Your email address will not be published.