Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков бірқатар азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.![]()

Қала әкімінің қабылдауына келген тұрғындар жер кезегі, тұрғын үймен қамтамасыз ету, тал кесу, көпқабатты үйге пандус орнату жөнінде сауалдар қойды.![]()

Сонымен қатар тұрғындар жеке кәсіпкерлік бастау үшін жер телімі мен қолдау көрсету мәселесін көтерді.![]()

Қала әкімі қабылдауға келген тұрғындардың сауалын мұқият тыңдап, зерделеу жұмыстарынан кейін заң аясында шешімін табатындығын айтты. Сонымен қатар, азаматтардың өтініш-тілектерін жауапты мамандарға тапсырды.![]()
