Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі, «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізу» жобасы аясында “Бақытты болашақ” оқушылар сарайында «Граффити» нашақорлықтың алдын алуға бағытталған қалалық балалар көркем сурет байқауы мен жастар арасында«Би Battle» көше биінен жарыс ұйымдастырды. Ашылуында сөз алған А.Каукешова (Жамбыл облысы бойынша полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры) қатысушыларға ептілік, жылдамдық пен тапқырлық, сәттілік тіледі. «Есірткісіз болашақ!» ұранымен жастар байқауларға бар күш-жігерлерін салды. Жарыс жеңіпаздары анықталды, жастар қошеметпен марапатталды. Жарыстың барлық жеңімпаздарын осынау жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
«Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі