Тұман, көктайғақ: 11 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

35

Бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 11 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжам бойынша, бүгін еліміздің 13 өңірінде ауа райы қолайсыз болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі.

Түркістан облысының тау асуларында жаяу бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман.

Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Қызылорда облысының шығысында тұман түседі.

Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде тұман.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жетісу облысында шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні — 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

фото: istockphoto.com

https://turkystan.kz/article/254409-tuman-koktaigak-11-kantarga-arnalgan-aua-raiy-bolzhamy

Leave A Reply

Your email address will not be published.