Енді көлікті 5 минуттан артық қыздырсаңыз айыппұл төлейсіз

77

 

Қазақстандықтар енді көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл арқалайтын болады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Жол жүрісі ережелерінің 88-бабы 5-тармағына сәйкес елді мекендерде қозғалтқышы қосулы көліктердің тұруы, егер ол тұрғындарға қолайсыздық туғызса, тыйым салынады.

Бұл талапты бұзған көлік жүргізушілеріне 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады:

АЕК (айлық есептік көрсеткіш) 2024 жылы — 18 460 теңгені құраса, 2025 жылы — 19 660 теңгеге жетті.

Егер көлік жүргізушісі бұл ережені 12 ай ішінде қайта бұзса, айыппұл мөлшері 10 АЕК, яғни 39 320 теңгеге дейін артады.

Қалай шағымдануға болады?

Айыппұл салу үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі, құқықбұзушылық жасалған уақыт пен күні көрсетілген 5 минуттан асқаны көрінетін бейнежазба керек.

Тұрғындар көлік иесінің ереже бұзғанын дәлелдейтін бейнежазбаны полицияға көрсету арқылы арыздана алады. Мұндай шағымдар әкімшілік құқықбұзушылық бойынша шара қолдануға негіз болады.

Сондай-ақ жол қозғалысы ережелерінің 2-бөлімінің 9-тармағына сәйкесткөлік жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тағуға міндетті. Ал қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады.

Бұл талапты орындамаған жағдайда 5 АЕК көлемінде айыппұл (19 660 теңге) қаралған.

Фото: depositphotos.com

https://massaget.kz/news/end-kolkt-5-minuttan-artyik-kyizdyirsanyiz-ayyippul-toleysz—123328/?fbclid=IwY2xjawHrOMdleHRuA2FlbQIxMQABHZAfOSFT7dXgnX3q2ERNsJnsl1VbRgXDs2Pcq3iJD9KUXvASNd8tIDh24g_aem_xdMBDC6jbaSnesc0PasE0g

Leave A Reply

Your email address will not be published.