Ұшақ апаты: Әзербайжандық блогер Ақтау тұрғындарына алғысын жеткізді

62

Әзербайжандық белгілі блогер, журналист Хамит Хамитов Ақтау маңындағы ұшақ апатынан аман қалғандарға қан тапсырып, көмектесіп жатқан қазақстандықтарға алғыс айтты.

«Ақтау қаласының ағайынды қазақ халқына ұшақ апатынан аман қалғандарға қан тапсыру үшін кезекте тұр. Рахмет!», – деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Embraer 190 ұшағы Әзірбайжанның AZAL әуе компаниясына тиесілі ұшақ Ақтау маңында құлағанын жаздық. Ол Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан. Құлау алдында ол Каспий теңізінің үстінен Төтенше жағдайлар департаментіне сигналын берген. Қазір зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр. Тірі қалғандар бар екені хабарланды. Ұшақ ішінде 69 адам болған. Аман қалғандар саны – 32.

turkystan.kz

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.