Жемқорлық тәуекелінің картасы

49

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасы аясында атқарылған жұмыстар бойынша брифинг өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын іске асыру бойынша брифинг өткізілді.

Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі ең басты механизмдердің бірі ретінде алдын алу және оған қарсы мәдениет қалыптастыру арқылы іске асырылуда.

Осылайша, өңірлік картаға сәйкес жүргізілген сыртқы талдау және мониторинг нәтижелерімен 83 жүйелі жемқорлық тәуекелдерді анықтап, оларды жою бойынша мемлекеттік органдарға 56 ұсыныс  енгізілді.

Осы жұмыстардың қорытындыларымен анықталған бұзушылықтар бойынша (заңсыз төленген жалақы, іссапар шығындары, сыйақы, граттар және т.б.) бюджетке 160,0 млн. теңге қаражат өндірілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жою мақсатында ауылшаруашылық субсидиялау төлемдерін кезексіз өтуін болдырмау алгоритмі, білім саласындағы әлеуметтік маңызы бар тауарларды жоғарылап сатып алуға жол бермеуге байланысты алгоритм бекітілсе ал, денсаулық сақтау саласында медицина қызметкерлеріне біріңғай ынталандыру төлемдерін есептеу әдістемесі бекітілді (бұрын бұндай алгоритмдер және бірыңғай есептеу әдістемесі болмаған).

Сонымен қатар, біріңғай мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы тауар мен қызметтердің сатып алуы барысындағы баға жоғарлауына жүргізілген мониторингпен 1,1 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді.

Әлеуметтік салада қоғамдық жұмысқа тартылған, алайда нақты жұмыс жасамаған 140 адаммен келісім шарттардың бұзылу арқылы оларға төленуге тиіс 73,0 млн теңге үнемделді.

Жол саласында істелмеген жұмыстар үшін қаражатты толық төлеу, кепілдік мерзімді белгілемеу және ақаулығы бар жолдарды қабылдау түріндегі бұзушылықтарға жол берген 25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Тұрғын үй қатынастары саласындағы мониторинг нәтижелері бойынша үй алуға негіз болмаған, яғни тұрғынжайлары бар және басқа өңірге көшкен 1041 азамат тізімнен шығарылды.

Сондай-ақ, «Бизнес жол» жобасы шеңберінде кәсіпкерлердің мемлекеттік органдармен жиі ұштасатын салалар зерделеніп, олар бойынша 11 кейс анықталып, департамент  ұсынымдарынан кейін 2143 кәсіпкердің құқығы қорғалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.