Сергей Лебедевтің айтуынша, борттағы барлық адам жақын маңдағы елді мекенге эвакуациялаған.
Бортта үш адам болған. Үшеуін де қатты үсік шалған. Олардың біріне ота жасалынуда. Екі адамға денесінің көгеруі диагнозы қойылды.
Ан-2 ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін жолаушылар қалай аман қалғандарын айтып берді. Олар бензинге тқгілген шұңқырда ұйықтаған. Экипаж координаттар бойынша өздерінің қай жерге түскенін білген. Бірақ байланысұқа шығуға мүмкіндік болмаған.
Ресейдің өкілі Артем Кореняко ұшақтың 22 желтоқсанда таңертең Тундровая тауының маңынан табылғанын растады. Оны болжамды апат орнына жіберілген Ми-8 тікұшағы тапты.
Ан-2 19 желтоқсанда түстен кейін апаттық қону туралы сигнал беріп, кейін байланыс үзіліп кеткен. 20 желтоқсанда құтқарушылар Маяк сигналын байқады. Бірақ ұшақты табу мүмкін болмады. Кейін тіпті іздеу біраз уақытқа тоқтатылған.
https://stan.kz/barlik-zholaushilar-aman-kamchatkada-apatka-yshirap-key-411502/