ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

50
Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Мемлекетті тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар. Сарысу ауданында да мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жолға қойылған. Бүгінгі таңда ауданда 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 12382 жасты құрайды.
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен «Сарысу аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңес» отырысы өтті.
Кеңес отырысында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры М.Пірімбек «Сарысу ауданында жастар саясатының іске асырылу барысы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар» туралы және Жаңатас қаласы мен Жайылма, Түркістан ауылдық округтеріндегі жастар саясатының іске асырылуы туралы тиісті округ әкімдері хабарлама жасады.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, әсіресе жұмыссыз жүрген жастарды жастар арасындағы түрлі іс-шараларға тарту керектігін баса айтып, олармен көбірек жұмыс жасау керектігіне тоқталды.
Кеңес отырысының күн тәртібіндегі мәселелер толықтай талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.