Текелі қаласының учаскелік полиция инспекторы 2017 жылы наурызда бір топ адаммен бірге ұрлыққа қатысы бар 24 миллион теңге көлеміндегі заттай дәлелдерді ұрлаған.
Қылмыс жасағаннан кейін полиция қызметкері 7 жыл бойы халықаралық іздеуде болды. Оның сыбайластары әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Сот полиция қызметкерін 5 жыл 6 айға соттады. Үкім күшіне енді.
turkystan.kz