Өзбекстандық Upl.uz Чиангмайда (Таиланд) өткен Азия чемпионатында өнер көрсеткен екі қазақстандық боксшыны атап өтті.
«Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшылардың жетістігін ерекше атап өту керек. Сағындық Тоғамбай тәжікстандық боксшы Парвиз Каримовты бірінші раундта нокаутқа түсірді. Осылай өзінің жоғары әлеуетін нықтай түсті. Команда капитаны Айбек Оралбай суперауыр салмақта алтын жеңіп алып, осы салмақтағы үстемдігін паш етті», — деп жазады басылым.