Бүгін Шу ауданында қос бірдей су шығару мұнарасының ашылу салтанаты өтті.
Тәуелсіздік мерекесі таңында қуанышқа кенелген Төле би және Көктөбе ауылының тұрғындары мерекелік көңіл күйге бөленді.
Аталғандардың ашылу салтанатына аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков, аудандық мәслихат төрағасы Жасұлан Әбеновтер қатысып, қос ауылдың құрметті қариялары қызыл ленталарды қиды.
Қос ауылдың қуанышын бөлісе барған аудан басшысы өзінің ақ ниетін білдіріп, ауылдықтарды ұлттық мерекемен құттықтады.