Жеңіл көлікке жылқы тиеп алған Қарағанды тұрғыны ұсталды

71

Қарағанды облысы Нұра ауданында патрульдік полиция қызметкерлері 11 желтоқсанда Нұра — Теміртау республикалық автожолында Audi көлігін тоқтатқан. Тексеру барысында көлікте жылқы болған. Көлік жүргізушісі, Бұқар Жырау ауданының тұрғыны, жылқының өзінікі екенін дәлелдей алмаған. Жылқыны тасымалдауға қатысты да ешқандай құжат көрсетпеген.

Жүк пен багажды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары ветеринариялық инспекцияға жолданды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жылқының нақты иесін анықтап, жануардың ұрланған-ұрланбағанын тексеріп жатыр.

Айта кетейік, 7 қазаннан бері өтіп жатқан “Мал ұрлығы” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Нұра ауданында мал мен ет өнімдерін заңсыз тасымалдаудың 37 фактісі анықталды. Оның 20 жағдайында жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

turkystan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.