«Оны асып кетті»: Шерзаттың туыстары ағасының өліміне қатысты тың мәлімет айтты

72

Шерзат Полаттың ағасының суицид жасағанын туыстары жоққа шығарады, деп хабарлайды Orda.kz сайты.

9 желтоқсан күні Талғардың шетінде Шерзат Полат ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, өлім себебі — асфиксия, яғни тұншығу салдарынан болған. Денесінде зорлық-зомбылық іздері анықталмады деген ақпарат берген болатын.

Дегенмен, Ғаепбаевтың отбасы суицид нұсқасын үзілді-кесілді жоққа шығарып отыр. Бұл туралы оның әпкесі бізге айтып берді. Қазіргі уақытта туыстары пікір білдіруден бас тартып, кез келген түсірілімге тыйым салуда. Олардың айтуынша, марқұмның денесі мәйітханада жатыр, ал полиция өлімнің мән-жайын тергеп жатыр.

«Ол ешқандай да суицид жасаған жоқ. Асылып қалды деген сөз өтірік. Оны асып кетті. Қазір Қаржаубай моргта жағдайды анықтауда. Қалғанын адвокаттар айтады», – деп қысқа қайырды әпкесі Бақыт.

фото ақпарат осы сілтемеден алынды.

«Оны асып кетті»: Шерзаттың туыстары ағасының өліміне қатысты тың мәлімет айтты

Leave A Reply

Your email address will not be published.