Астанада «Байқоңыр» ауданындағы №6 бірмандаттық аумақтық сайлау округінде қалалық мәслихат депутаттығына сайлау өтіп жатыр. Бұл орын бұрынғы депутаттың өтуімен босады.
Қаладағы 19 сайлау учаскесі таңертеңгі сағат 07:00-де жұмыс істей бастады, оның үшеуі жабық типтегі учаскелер. Сайлау бюллетенінде алты үміткердің есімдері көрсетілген.
Сайлау учаскелері кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Мәслихат депутаттары бес жыл мерзімге сайланады.
Еске салайық, бұған дейін Астанада мәслихат депутаттығына кандидат ОСК-ның шешімімен келіспей, апелляциялық шағым түсіргенін жаздық. 8 желтоқсанда Астанада мәслихат депутаттығына сайлау жарияланды. Округтік сайлау комиссиясының (ОСК) 11 қарашадағы хаттамалық шешімімен К маслихат депутаттығына кандидат болып тіркелді. Сол күні ОСК Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне талапкер мен оның зайыбы Т-ның мәлімдеген активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтер тексерілді.
фото:aa.com.tr
https://stan.kz/kazakstanda-otstavkadagi-deputattardin-ornina-maslihatt-410823/