МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

26

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілер қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге міндетті болып табылады.

Тиісті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде, яғни мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларында бас тартудың нақты негіздері айқындалған.

Дегенмен,мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында негізсіз бас тартуға жол берілмейтіндігіне қарамастан кейбір жағдайларда қызмет көрсетушілердің тарапынан бұл талаптар толықтай сақталмайды.

Мәселен, Департаментпен ағымдағы жылдың өткен кезеңінде қызмет көрсетуші органдарда жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартудың 21-дерегі анықталды.

Мысалы, Департаментпен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының қызметіне бақылау жұмыстарын  жүргізу барысында «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру» мемлекеттік қызметін көрсетуден негізсіз бас тартылғандығы анықталды және енгізілген ұсыныстың нәтижесінде маман сертификаты беріліп, қызмет алушының бұзылған құқығы толықтай қалпына келтірілді.

Департамент тарапынан құзырлы органдарға заң бұзушылықтарға болашақта жол бермеу мақсатында тиісті ұсыныстар енгізілді.

Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.