МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ДӘРІС ОҚЫЛДЫ

47

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Қ.Қ.Мадиев ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында қайта даярлау курстарынан өтіп жатқан қызметшілерге дәріс оқыды.

Дәріс барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 — 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттары бойынша ақпарат берілді.

Сонымен бірге, Қуат Қайратұлы әдеп кодексі, мемлекеттік қызмет атқарумен байланысты шектеулердің сақталуы бойынша ақпарат беріп, Әдеп жөніндегі кеңесте қаралған тәртіптік істер бойынша жазаға тартылған лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне қатысты бірқатар мысалдарға тоқталып өтті.

Одан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің ойын мекемелеріне баруы немесе құмар ойындарға/бәс тігуге қатысуына тыйым салынатындығы ескертілді.

Дәріс соңында тыңдаушылардың тарапынан туындаған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.