СЕН КҮТКЕН ҚОҢЫРАУ…..

16
Күніне сымсыз телефонымызға сансыз қоңыраулар келіп түседі. Соның ішінде асыға күтетініміз ата-анамыздың бізге соққан қоңырауы мен ватсапымызға келіп түсетін қоңыр даусы.
Күнделікті күйбең тіршілікті сылтауратып жүрсің бе? Сен қоңырау шалуға уақыт таба алмай жүргеніңде, ол дауыс бір күні күрт үзіліп, мәңгілік сағынышқа айналуы мүмкін.
Сондықтан күніне бір мезгіл уақыт тауып сені мәпелеп өсірген, егде тартқан ата-анаңа хабарласып тұр.
Олар сенің қоңырауыңа мұқтаж. Жандарына қуат беретін жылы сөзіңді аяма.
Ұмытпа, Алланың разылығы, ата-ананың разылығында.
Қоңырау шалғанда, есте қалған ерекше күндеріңді есіне түсір. Бақытты балалығың үшін рахмет айт.
Арқа еті аршадай, борбай еті боршадай болып баққан әке-шешеңе не алғыс айтсаңда жарасады. Есесіне өмір жастарын ұзартасың.
Баласы жақсы адамдар қартаймайды. Перзентің жақсы болса, жердің үсті жақсы деген осы. Каспийіне ақша сал. Реті келсе, сыйлық салып жібер. Орамал, тон болмаса да, жол болады.
Дөңгеленген дүниенің шындығы:”Ата-анаңа не істесең алдыңнан сол шығады”. Егін екпей, жеміс күтпе……
МАҚСАТ СҚАҚОВ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.