«Жауын-шашын, күшті жел мен көктайғақ болады»: Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауқымды антициклон болады. Сол себептен жауын-шашынсыз ауа-райы болжануда.
Тек батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстіктің таулы аймақтарында жауын-шашын, көктайғақ болады.
Ал 28 қарашада күндіз еліміздің солтүстігінде және орталығында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын болжануда. Республика бойынша тұман болып жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Еліміздің оңтүстігінде жел екпіні 23-28 м/с дейін болады.
Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.
Фото: pixabay.com
https://stan.kz/news-410119/