Алаяқтар 10 миллион теңге ұрлап, 17 адамды сан соқтырды

27

Батыс Қазақстан облысында полицейлер өзін жәбірленушілердің баласы ретінде таныстырып, алаяқтықпен айналысқан топты ұстады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Polisia.kz мәліметінше, күдіктілердің бірі WhatsApp қосымшасында педагогтер іс-шарасын ұйымдастыруға арналған жалпы чатқа кіріп, чат мазмұнын зерттеген соң, ондағы адамдарға жеке хабарлама жіберген. Күдікті өзін чаттағы бір қатысушының баласы ретінде таныстырып, телефонының сөніп қалғанын айтып, ақша аударуды сұраған.

Оның сөзіне сенген адамдар банк карталарының деректері мен CVV-кодтарын берген.  Бұдан кейін алаяқтар осы деректерді пайдаланып, қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған. Полиция 17 алаяқтық факті бойынша тергеу жүргізуде, келтірілген залал шамамен 10 миллион теңгені құрайды.

https://aqshamnews.kz/kz/article/alaiaqtar-10-million-tenge-urlap-17-adamdy-san-soqtyrdy.html
Сурет: Polisia.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.