Көппәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелерінің міндеттері

21

Таразда 15 қазаннан бастап жылыту маусымы басталған. Алайда, әлі күнге дейін тұрғындар тарапынан жылу мәселесіне байланысты шағым түсуде.
Өткен жылы жылыту маусымы аяқталған соң әкімдік мамандары жаз айларында проблема орын алған үйлерге арнайы барып, бірнеше рет түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын.

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңында тұрғындар кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау, ағымды және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жылыту маусымына дайындықты қамтамасыз ету керектігі жазылған.

Осы заңға сүйене отырып, проблемалық тұрғын үйлердің иелеріне жертөледегі тозығы жеткен жылу құбырын және бітеліп қалған тікқұбырларды (стояк) ауыстыру бойынша бірнеше рет ескерту берілген.
Дегенмен, кейбір тұрғындардың бұған немқұрайлы қарауы салдарынан жылу беруші мекемесінің тарапынан жылу нормаға сай берілгенімен, тұтынушылардың жылу жүйесін толық қабылдауға мүмкіндіктері болмауда.

Жылу энергиясын пайдалану қағидалары бойынша тұтынушының уәкілетті тұлғалары (кондоминиум объектісін басқару органы, мүліктік меншік иелерінің бірлестігі, жай серіктестік, пәтер иелері) тиісті техникалық жай-күйді сақтайды және жалпы үйдің (үйдің ішіндегі) жылыту жүйесі мен ыстық сумен жабдықтаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, коммерциялық есепке алу құралдарының (үйге ортақ) және үйге ортақ меншікті құрайтын басқа жылу тұтынатын құрылғылардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, мүліктік меншік иелерінің бірлестігі, жай серіктестік немесе кондоминиум объектісін басқару органы басқаруындағы көппәтерлі тұрғын үйлердегі тұтынушы мен энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның арасындағы пайдалану жауапкершілігінің шекарасы жылу энергия көзі тарапынан басқару торабының кіру ысырмаларының бірінші бөлу ернемегі (определяется по первому разделительному фланцу) немесе дәнекерлі тігіс бойынша анықталады.

Осыған орай, тұрғындардан осы мәселеге түсіністікпен қарап, ортақ мүліктегі инженерлік құбырлардың қалыпты және жарамды жағдайда болуын қамтамасыз етуді сұраймыз.

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.