АМЕРИКАНДЫҚ ПРОФЕССОР МОЙЫНҚҰМДА БОЛДЫ

49
Өткен ғасырда сталиндік репрессия салдарынан қазақтың 70 мыңға жуық көзі ашық, зиялы қауымы жазықсыз атылып кетті. Бұдан бөлек 100 мыңдаған адам қамалып, айдауға түсіп, Сібірге жер аударылды. Ал 1925 жылы елімізді басқаруға келген Филипп Голощекин «аша тұяқ қалмасын» деген ұранмен ұжымдастыру саясатын жүргізді. Соның салдарынан миллиондаған адам саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Олардың қатарында корейлер, финдер, немістер, поляктар, күрдтер мен қарашайлар, месхеттік түріктер, кавказдықтар және басқа да көптеген ұлыстар болды.
Жақында американдық экономист, экономика ғылымдарының профессоры Рэндалл Кит Филер және оның жары Барбара ауданда болды.
Ауданда болу себебі репрессия кезінде әке-шешесі қуғынға ұшырап біздің ауданда болған. Сонымен қатар досы француздық физик-теоретик
Ричард Кернерде Мойынқұм ауданында туған екен. Ричард Кернердің әкесі Самуил Кернер біздің ауданда мұғалім болып 1942-1944 жылдары екі жылдай қызмет атқарған. Ал кейіннен отбасымен Жамбылға (қазіргі Тараз) көшіп, 1946 жылдың күз айына дейін боладыда, сол жылы қуғынға ұшыраған. Ричард Кернер өз естелігінде былай дейді.
– Ол көлдің қалай аталатынын білмедім, бірақ оның жағасында балықты сойып, тұздап майданға жіберетін деп ата-анам әңгімелеп айтатын. Ал балықтың қалдықтарын басқұйрықтарын үлкен ыдыстарда қайнатып пісіретін. Бұл көптеген адамдарды аштықтан құтқарды. Сол кездері олар іш сүзегі ауруымен ауырды, бірақ аман қалды,- деп еске алады профессор.
Ричард Кернер 1943 жылы 3 қаңтарда КСРО-ның Фурманов (қазіргі Мойынқұм ауданы) елді мекенінде дүниеге келген. Ол Варшава қаласында Рейтан орта мектебінде (лицей) бакалавр дәрежесін алады. Содан кейін ол 1960-1965 жылдары Варшава университетінде оқып, Анджей Траутманның жетекшілігімен магистр дәрежесін алады. Кейіннен Пьер және Мари Кюри университетінде білімін жалғастырып, 1975 жылы Янг– Миллс теориясының кейбір қосымшалары туралы докторлық диссертациясын қорғайды.
Кернер Пьер және Мари Кюри университетінде профессор және ғылыми қызметкер болады.1969-1985 жылдары релятивистік механика зертханасында, 1985-1990 жылдары бөлшектер зертханасында қызмет атқарады. Ал 1990-2001 жылдары релятивистік космология зертханасының директоры болады.
Қазіргі уақытта Кернер Париж қаласында тұрады, 200-ден астам ғылыми басылымдардың, соның ішінде физика бойынша бірнеше кітаптардың авторы.
Оның досы Американдық экономист профессор Рендел Филер 1952 жылы туған. Хантер колледжінің экономика профессоры, Нью-Йорк қалалық университетінің магистратура орталығы, экономика ғылымдарының шақырылған профессоры, CERGE-EI аға ғалымы. Ол Орталық және Шығыс Еуропаның посткоммунистік елдерінде экономикалық білім беруді қолдайтын АҚШ-тағы коммерциялық емес CERGE-EI қорының президенті. Профессор Филер Жаһандық даму желісінің Шығыс Еуропалық үйлестірушісі қызметін атқарады және Грузияның Тбилиси қаласындағы Халықаралық экономика мектебінің Халықаралық факультет комитетінің мүшесі және Бонндағы Еңбекті зерттеу институтының, сесифо, Уильям Дэвидсон институтының және Манхэттен институтының ғылыми қызметкері.
Филер 25-тен астам сыртқы ғылыми гранттарға ие және 30-дан астам докторлық диссертациялар мен магистрлік диссертацияларға жетекшілік еткен.
Атақты профессорлар ауданда болғанда Ж.Қуанышбаев атындағы аудандық музейдің ішін аралап, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы мәңгілік алауына, саяси қуғынсүргін құрбандарын еске алуға арналған монументінің алдында естелікке суретке түсті.
Сол кездегі елдегі жағдайды зорлықпен ұжымдастыру, жазықсыз қудалау, ел ішіндегі ауру мен індеттің таралуы Ричард Кернердің әңгімесінен білуге болады. Кеңестік биліктің пәрменімен қазақ жеріне қоныс аударған сол этностар өкілдерінің барлығы бүгінде біздің бауырларымызға, отандастарымызға айналып, бейбітшілікте өмір сүруде.
Қуаныш КӨБЕНҒАРАЕВ,
«Мойынқұм таңы».

Leave A Reply

Your email address will not be published.