САРЫСУҒА «САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» МЕДИЦИНАЛЫҚ ПОЙЫЗЫ КЕЛЕДІ

45
Үстіміздегі жылдың қараша айының 16 – 18 күндері аралығында елімізде ең үздік дәрігерлері, медиаторлары, психологтары және заңгерлерінің қатысуымен «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы әлеуметтік жобасы іске асырылуда.
Әлеуметтік жобаның мақсаты – ел аймақтарының шалғай станцияларында тұратын азаматтарына тегін медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік (татуласу) көмек көрсету.
Облысымыздың шалғай станцияларында тұратын жағдайы қиын және әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға хирург, педиатр, психолог, неврапотолог, ультрадыбыстық диагностика, МРТ және КТ, жалпы тәжірибе дәрігері, рентгенолог, жүрек, тіс, көз, құлақ, тамақ және мұрын дәрігері, онколог-мамолог, гинeколог және уролог сынды білікті дәрігерлер және көмекші мамандар қызмет көрсетеді.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 16 қараша сағат 23:40-та Жаңатас қаласының темір жол бекетіне келіп, 18 қараша сағат 20:20-де келесі ауданға кететін болады.
Балалар ата-анасының сүйемелдеуімен келіп, туу туралы куәлікті және басқа науқастар жеке куәлікті өздерімен бірге алып жүруі керек.
Сондай-ақ, пойыз құрамындағы медиатор және заңгер мамандар өз қызметтерін көрсететін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.