«САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» МЕДИЦИНАЛЫҚ ПОЙЫЗЫ ТАЛАСҚА КЕЛЕДІ

54
2024 жылғы 1 мамырда елімізде «Саламатты Қазақстан» пойызы» жобасы басталды.
Пойыз 12-16 қараша аралығында Қаратау қаласында және Көктал ауылдық округінде қабылдау өткізеді.
Қаратау қаласында қабылдау уақыттары: 12-14 қараша аралығы, сағат 9:00 және 18:00 аралығы.
Көктал ауылдық округі, Ақтаутас станциясында қабылдау уақыттары: 14-16 қараша аралығы, сағат 9:00 және 18:00 аралығы.
Пойыз құрамындағы хирург, педиатр, психолог, неврапотолог, ультрадыбыстық диагностика, МРТ және КТ, жалпы тәжірибе дәрігері, рентгенолог, жүрек, тіс, көз, құлақ, тамақ және мұрын дәрігері, онколог-мамолог, гинeколог және уролог сынды білікті дәрігерлер және көмекші мамандар қызмет көрсетеді.
Балалар ата-анасының сүйемелдеуімен келіп, туу туралы куәлікті және басқа науқастар жеке куәлікті өздерімен бірге алып жүруі керек.
Сондай-ақ, пойыз құрамындағы медиатор және заңгер мамандар өз қызметтерін көрсететін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.