БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ЖАРЫ БИБІЖАМАЛ МОМЫШКЕЛІНІНІҢ ХАТЫ:

50
Бәукеш!
Сенен хабар ала алмай көзіміз төрт болды ғой. Тым болмаса дұспан көзі етіп екі айда бір хат жазбағаныңа жол болсын. Күнде хатшының жолын тосумен отырамыз. Бақытыңды қолыңа алып «Айналдым» дейтін сөздеріңді екі айда бір рет есіңе түсірмедің бе! Ол сені айтпайтын сағаты жоқ. Күннен-күнге ақылы кіріп келеді. Қазір тіпті анық сөйлейтін болды. «Мен темекі тартпаймын, орысша сөйлемеймін, папам ұрсады, папам маған ойыншықтар әкеледі» дейді. Не болмаса орындықтарды жатқызып қойып, мініп алады да, «Бекбай болдым, папаға барайықшы!» дейді. Ақылды-ақылды сөздер сөйлейді. «Ух, папамды сағындым ғой!» деп қояды. Маған: «Мама, жылама, папашым келеді ғой!» дейді. Ол сені шын сағынып жүр, көшеде әскерше киінген кісі көрсе болды «папа ғой» деп қарап тұрады. Осындағылардың «күбір-күбірін» жазайын десем, хабарласпай қойдың ғой. Біреулерге жағып, біреулерге жақпай кеткен жайың бар. «Сол айтып кетіп еді» деп айтуға қаймығатын үлкендер де бар көрінеді. Бірақ көпшілік аузында – істеп, айтып кеткендеріңе ризалықтары ғана айтылып жүр. Көп риза саған. Көп жұрт сенің хабарыңды менен сұрайды, сұраған сайын ұяламын, жамандығымнан сенен хабар ала алмай жүрген адам сияқтымын. «Иә, хабар келіп тұрады, хат алдым, телеграмма алдым» деп айтып қойдым елге. Менен басқа телеграмм, хат алған адамдар бар көрінеді…
P.S. Суретте: Бибіжамал мен баласы Бақытжан

Leave A Reply

Your email address will not be published.