Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Алексей Ни өмір бойына спорттан шеттетілді

55

Тестілеу жөніндегі халықаралық агенттік Ниді шеттету туралы шешім шығарды. Себебі Алексей Ни халықаралық ауыр атлетика федерациясының допингке қарсы ережелерін өрескел бұзған екен. Соның салдарынан отандық ауыр атлеттер Илья Ильин, Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза және Ниджат Рахимовтардың қанынан тыйым салынған препарат табылып, барлығы Олимпиада ойындарында жеңіп алған алтын жүлдеден айырылған еді.



Алексей Ни ұлттық құраманы 20 жылға жуық уақыт дайындаған. Ол Риода өткен төртжылдықтың басты додасынан кейін отставкаға кеткен еді.

Еске салсақ, бұған дейін ауыр атлетикадан әлем чемпионатында өнер көрсететін спортшылар анықталды.

Фото: Olympic.kz

https://stan.kz/auir-atletikadan-kazakstan-kyramasinin-byringi-bapkeri-409329/

Leave A Reply

Your email address will not be published.