Курсқа қатысқан ерекше бала тәрбиелеп отырған, көпбалалы аналар баланың түсінігін қалыптастыру, диагноздардың түрлерімен танысу, алғашқы сөйлеу тілін дамыту, нейрогимнастикалық жаттығулар, үй жағдайында айта алмайтын дыбыстарын қоюды, классикалық массаж түрін үйренді.![]()

Ендігі кезекте курсты тәмамдаған әйел-аналар алған білімдерін үй жағдайында өздерінің балаларына тәжірибе жүзінде жасай отырып, сауатты көмек көрсетуге дағдыланады.
Курс жетекшісі Еркемай Рахатқызы шәкірттеріне сәттілік тіледі.