Бүгін Сербияда аза тұту күні болып жарияланды. ВВС мәліметінше, халқы ең көп шоғырланған Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалында бетон шатыр құлап, 14 адам қаза тапты.
«Бұл соңғы сан деп үміттенеміз, 14 адам көз жұмды. Біз олардың ішінде бес адамды анықтай алмадық», — деді Вучич қайғылы оқиғадан бірнеше сағат өткен соң.
Апат салдарынан 14 адам қаза тапқан, үш адам жарақат алған.
Вокзал ғимараты 2021 жылы қайта жөндеуден өткен. Алайда 5 шілдеде ресми ашылуы үшін биыл тағы жөндеуден өткен болып шықты.
Сербия билігі сенбі аза тұту күн деп жариялады.
https://adyrna.kz/post/217721
Фото: ВВС