Кездесу

47
Ы.Дүкенұлы атындағы
қалалық мәдениет үйінде Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының есептік кездесуі өтті.
Жиынға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Исабеков, Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов пен округтік, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.
Әуелі Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Уәлихан Байдуанов сөз алып, аталған комиссиясының 2024 жылдың 9 айында атқарған жұмысы мен осы жылға арналған жұмыс жоспарының орындалу барысы туралы баяндады.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалар жөніндегі бағдарламасы аясында елімізде жаңа сұраныстарға жауап беретін сайлау жүйесі қалыптасуда. Ол азаматтардың дауыс беру құқығы мен жаһандық демократия үдерісін нығайтуға, сайлау туралы білімді арттыруға және сайлаушылардың дауыс беруге қатысуын ынталандыруға бағытталып отыр.
Осыған байланысты, Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы тарапынан ағымдағы жылдың 9 айында бірқатар жұмыс атқарылды. Айталық, Тараз қаласында 27 бірмандатты сайлау округі, 135 сайлау учаскесі орналасқан. Олардың арасында 1 сайлау учаскесі қала әкімінің 2024 жылғы шешімімен жаңадан құрылып, 40 сайлау учаскесінің шекарасына өзгеріс енгізілді, – деген Уәлихан Боларбекұлы аумақтық сайлау комиссиясының қызметі жариялы және ашықтық бағыттарға негізделгенін баса айтты.
Келесі кезекте Серғали Өмірзақұлы сайлау және референдум жұмыстарына атсалысып, белсенділік танытқан бірқатар азаматты арнайы Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапаттады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.